21 Желт 2020
Страницы "Сұлукөл жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

Сұлукөл ЖОББМ –нің директоры өмірбаяны

 

Ержанов Бауыржан Смагулович 1969 жылы 4 қаңтарда Комсомол ауданы Жабасақ ауылында дүниеге келді. 1976 жылы 1 қыркүйекте алғаш рет Қарашатау орта мектебінің 1 сыныбына оқуға қабылданып, 1986 жылы мектепті тәмамдады. Сол жылы Құмқұдық селосында №12 бригадаға жұмысқа тұрды. 1987 – 1989 жылдары Совет Армиясы қатарында Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында қызмет еттім. 1989 жылы мамыр айында елге оралып, ауылда жұмыс жасады. 1990 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлайтын факультетінің 1 курсына түсіп, 1994 жылы институтты аяқтап, Қарашатау орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1996 жылы отбасы жағдайына байланысты Сұлукөл ауылына қоныс аударып, осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінң мұғалімі болып 1999 жылға дейінжұмыс атқарды. 1999 жылы оқу ісі орынбасары болып тағайындалды. 2000жылы селолық округ әкімі қызметіне қабылданып, 2002 жылы өз өтініші бойынша әкім қызметінен босап, Сұлукөл орта мектебіне мұғалім болып орналасады. 2010 жылы Сұлукөл орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Содан бері сол қызметте.

 

 

 

Әйтеке би ауданы , Сұлукөл жалпы орта білім беретін мектебі

туралы қысқаша мәлімет

Сұлукөл мектебі Сұлукөл ауылдық округінде орналасқан. 1964 жылдары 8 жылдық мектеп болып ашылған. 1978 жылы 10 жылдық мектеп болған. Алғашқы директоры Қонтаев Әбдісалам Қантаевич. Одан кейінгі мектеп  директорлары 1982 – 1984 жылдар аралығында Ермағанбетов Ақансері, 1984 – 2000 жылдар аралығында Назарбеков Самалбек,  2000 – 2003 жылдары Шоқпаров Темірлан, 2003 – 2010 жылдары Жұмаханова Күлзада, 2010 жылдан бастап Ержанов Бауыржан Смагулович.

 

Жаңалыктар