25 Мамыр 2023
Страницы "Сұлукөл жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылдары

2025 жылғы мамырында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.
Байқауға қатысуға 10 пен 25 жас аралығындағы жастар шақырылады, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.
Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың екі номинация - «Үздік постер», «Үздік сүрет» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар а.ж. 1 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің қатысушыларымен дайындалған конкурстық жұмыстарды іріктеу Агенттікпен құрылатын Ұлттық конкурстық комиссиясымен жүзеге асырылады.
Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (а.ж. 9 желтоқсан) орай жоспарлануда.
Конкурсқа қатысуға шақырамыз!


Тәрбие ісі орынбасары А.Т.Ақылбеков ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Ата-аналарға “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында жадынамалар таратылып, арнайы дайындалған буклеттермен таныстырылды.
 
Мектеп басшысы ата-аналармен кездесті. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіп, ата аналарға есеп  беру жұмыстарын өткізді.
 
ҚР сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен жастар
арасында сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру туралы іс-шаралар жоспары бекітілді✅
Тақырып төңірегінде мектеп директоры А.Утегенова отырыс жасап, баяндама оқыды.
Оқу ісі орынбасары С.Жумагулова мектеп мұғалімдерін “Пара берсең жазаланасың” презентациясымен таныстырды.
Сонымен қатар, құқық пәні мұғалімі мәлімдеме жасап, ақпаратпен бөлісті.
 
Атауы Жүктеу
1 Заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық  pdf
Жаңалыктар